Құрылтай сайлауы: Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның партиялық тізімі тіркелді

АСТАНА.KAZINFORM – ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның 33 кандидаттан тұратын партиялық тізімі тіркелді.

Фото: ОСК

«ҚР сайлау туралы» ҚР конституциялық заңының 89-бабына сәйкес, ҚР Орталық сайлау комиссиясы қаулы етіп, құжат мәтінін комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров оқып берді.

– Біріншіден, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркелсін. Екіншіден, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша тіркелген ҚР Құрылтайының депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін. Үшіншіден, ҚР Орталық сайлау комиссиясының аппараты «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын. Төртіншіден, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы хабар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және ҚР Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын. Бесіншіден, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Respublica-ның партиялық тізімінен бір кандидат шығарылғанын жазғанбыз.