Бүгін еліміздің түгел өңірінде азаматтар барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлап жатыр.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша, ал аудандар мен қалалардың мәслихат депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
Бұл – жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі жергілікті өкілді органдарда өткізіліп жатқан алғашқы сайлау.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттары сайлауында сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 53,86%-ы дауыс берді.