Мәслихат сайлауы: сағат 16:00-де сайлаушылардың 53,86% дауыс берді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттары сайлауында сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 53,86% дауыс берді.
Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпараттарға сәйкес өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруі туралы алдын ала деректер:
Астана қаласы – 39,91%
Абай облысы – 63,02%
Ақмола облысы – 53,16%
Ақтөбе облысы – 66,19%
Алматы облысы – 56,25%
Атырау облысы – 51,17%
Батыс Қазақстан облысы – 52,27%
Жамбыл облысы – 56,31%
Жетісу облысы – 68,03%
Қарағанды облысы – 53,42%
Қостанай облысы – 54,15%
Қызылорда облысы – 67,36%
Маңғыстау облысы – 56,17%
Павлодар облысы – 55,89%
Солтүстік Қазақстан облысы – 56,58%
Түркістан облысы – 69,84%
Ұлытау облысы – 51,53%
Шығыс Қазақстан облысы – 61,47%
Алматы қаласы – 33,73%
Шымкент қаласы – 40,23%
Республика бойынша сағат 16:00–де
тізімге енгізілген сайлаушылардың 53,86% дауыс берді.
Сағат 14-00-дегі мәліметтер бойынша сайлаушылардың 45,46% дауыс берген болатын.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 3 447 депутаттық орынға 10 971 үміткен тіркелген. Оның 1 219-ы партиялық тізімге енген, ал 9 752-сі бірмандатты округтер бойынша үміткер. Әрбір мандат үшін орта есеппен үш адамнан бақ сынайды.
20 облыстық мәслихатқа 668 депутат, 38 қалалық мәслихатқа 626 депутат, ал 170 аудандық мәслихатқа 2 153 депутат сайланады. Мәслихат депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл.
Биыл сайлау науқанына 7 саяси партия жіберілді. Олардың қатарында «Ақ жол», «Ауыл», «Әділет», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Байтақ», Қазақстан Халық партиясы мен Respublica партиясы бар.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дауыс бергені туралы жаздық.