Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
Айта кетелік қазақстандықтар мәслихат депутаттарын сайлауға белсенді қатысып жатыр.
Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 3 447 депутаттық орынға 10 971 үміткен тіркелген.
Айта кетелік сағат 14-00-дегі мәліметтер бойынша сайлаушылардың 45,46 % дауыс берген еді.