Құрылтайда 5 партияның фракциялары құрылды

АСТАНА. KAZINFORM — Құрылтайда 5 саяси партияның фракциялары құрылды .

Фото: Ақорда

Құрылтайдағы фракциялардың жетекшілері мен құрамы:

— «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Дәненұлы Адаев. Фракция құрамында 110 депутат қамтылған.

— «Ауыл» партиясы фракциясыны жетекшісі Қайрат Қапарұлы Айтуғанов. Фракцияда 10 депутат бар.

— Respublika партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Асанұлы Қожаназаров. Фракцияда 9 депутат тіркелген.

— «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Дания Мадиқызы Еспаева. Фракцияда 8 депутат қамтылған.

— Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Нұрмағамбетұлы Рақымжанов. Фракцияда жалпы 8 депутат тіркелген.

Айта кетейік, 31 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайындағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Еске салсақ, жақыда Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы ҚР Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды