Құрылтайдың халықаралық істер және қауіпсіздік комитетінің мүшелері бекітілді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері бекітілді.

Фото: ҚР Құрылтайы

Атап айтқанда, Құрылтайдың тұрақты комитетінің құрамына 15 депутат енді:

— Марат Қожаев (комитет төрағасы);
— Константин Авершин;
— Қарлығаш Жаманқұлова;
— Шахмардан Байманов;
— Әсел Баденова;
— Сатыбалды Бұршақов;
— Алмат Жөкебаев;
— Ақерке Искандерова;
— Юлия Кучинская;
— Дана Медеуова
— Шерзод Пулатов
— Максим Рожин
— Айдос Сарым
— Нұргүл Тау
— Ирина Тен

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында тұрақты комитеттердің төрағалары сайланды.