Күштік құрылымдар спортшылары Астанада қоян-қолтық ұрыстан бақ сынады

Фото: ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ҰҚК Төрағасының кубогына қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шараға ҰҚК, БП, ІІМ, ТЖМ, МКҚ және ҚР Қоян-қолтық ұрыс федерациясы облыстық филиалдарының 27 құрама командасы атынан 260 спортшы қатысты.

Фото: ҰҚК

Салтанатты марапаттау рәсіміне күштік құрылымдардың басшылары қатысты.

Фото: ҰҚК

Қатысушылар физикалық дайындықтың жоғары деңгейін және жеңіске жетудің ерік-жігерін көрсетті.

Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК

Жеңімпаздар медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК

Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орын алған 13 спортшыға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы беріледі.

Айта кетелік Әбиба Әбужақынова маусымды әлемдік рейтингінің бірінші сатысында аяқтады