Құтқарушылар алдағы күндері тауға шықпауға кеңес берді
09:20, 25 Сәуір 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматылық құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын алдағы күндері тауға шықпауға шақырды.
— Жылымықтың әсерінен қар жамылғысы тұрақсыз. Осыған байланысты 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында тауларда қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарына таулар мен қарлы тік жартастарға шықпауға кеңес береміз.Тауда абай болыңыздар, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында шаңғышылар қар көшкініне себеп болғаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ осы жылдың 17 наурызында Шымбұлақ маңында жүрген қар көшкіні салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды.
Бүгін елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.