Қазіргі уақытта құтқарушылар күн сайын Есіл өзенінде патрульдеу жүргізеді, ал қауіпті учаскелерде үш мобильді құтқару бекетінің жұмысы ұйымдастырылған. Тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіз демалысы үшін шомылуға арналған бес ресми орын белгіленген.
Жабдықталмаған және қауіпті учаскелерде шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері орнатылған.
— Судағы жазатайым оқиғалардың басым бөлігі шомылуға арналмаған орындарда болады. Сондықтан тұрғындар мен қала қонақтарын тек ресми жағажайларда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және мас күйінде суға түспеуге шақырамыз, — деді Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бауыржан Ахметалин.
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Шомылуға арналған үрлемелі баллондар қауіпті болып шыққанын еске саламыз.