Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, СҚО Прибрежное ауылының тұрғындарын қайықпен ауылға кіріп-шығуын қамтамасыз етіп отыр.
«Қазіргі кезде ауылға қайықсыз қатынау мүмкін емес. Сол себепті, ақмолалық құтқарушылар үш қайықпен ауыл тұрғындарына азық-түлік пен ауызсу жеткізіп жатыр. Бұған қоса, ауыл тұрғындарын қайықпен жұмысына жеткізіп, кейін үйіне алып қайтуда. Жалпы, ақмолалық құтқарушылар көмекке барғаннан бері осы ауылдан 200-ден астам адамды қайықпен тасымалдады», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын ақмолалық дәрігерлер СҚО тұрғындарына көмек көрсетіп жатқанын жазған едік.