Ақмолалық дәрігерлер СҚО тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр

Су тасқыны
Фото: Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының басқармалары арасындағы төтенше жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсету туралы келісім шеңберінде Көкшетау қаласынан санитарлық авиация дәрігерлері Тайынша ауданының тұрғындарына көмекке барды.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, санитарлық авиация желісіне жүктіліктің 28 аптасындағы әйелді шұғыл кесарь тілігі арқылы босандырып алу жөнінде шақырту түскен. Әйел екі баланы дүниеге әкелген, оның бірі салмағы 930 грамм ұл бала да, екіншісі салмағы 900 грамм қыз. Мерзімінен бұрын туғандықтан нәрестелердің екеуінің де салмағы төмен және тыныс алуында қиындықтар болған.

Неонатолог - дәрігер Татьяна Шафигина мен медбике Марина Черепашкова шұғыл түрде көмекке келді. Ұл баланы жағдайы тұрақталған соң Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық көпейінді ауруханасының перинатальдық орталығына жеткізілді. Ал егіздің сыңары қыз бала Тайынша аудандық орталық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Онда оның денсаулығы бойынша білікті дәрігерлер тәулік бойы консультация жасауда. 

«Дәрігерлердің ынтымақтастығы мен кәсібилігі төтенше жағдайлар кезіндегі келісілген іс-қимылдардың маңыздылығын білдіріп қоймайды, сонымен бірге, өңірдегі медициналық көмектің жоғары деңгейде екенін көрсетеді», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында су басқан ауылдан науқас әйел қайықпен құтқарылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар