АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Қостанайда жоғалып кеткен 10 жасар Ришат Харикоглының денесін тапты, деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.
«Баланың денесі 26 маусым күні кешкі 19:10-да Тобыл өзенінен табылды. Ришат Харикоглы 24 маусым күні жоғалып кеткен. Баланы іздеу жұмыстарын полицейлер мен еріктілер екі күннен астам уақыт бірлесе жүргізді. Облыстық Ішкі істер департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы құрылған жедел тергеу тобы қызмет етті»,- делінген хабарламада.
Бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.