«Оқиға 22 наурыз күні түнгі сағат 02.30 шамасында Қаратаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ішімдікке мас болған 22 жастағы келіншек күйеуімен болған отбасылық кикілжіңнен кейін өзін-өзі өлтіру мақсатында екінші қабаттан секіріп кетті», - деп хабарлады Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Терезеден секіріп, жарақат алған Павлодар қаласының тұрғынын жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізді. Қазір тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.