Enduro-1 атты квадрокоптердің Францияның солтүстік-батыс жағалауынан британдық Дувр қаласының маңына дейін ұшуы 2016 жылғы 16 ақпан күні өтіп, 72 минут уақытты алды. Бұл уақытта дрон 35 шақырым қашықтықты артта қалдырды.
Ocuair мамандарының айтуынша, олар квадрокоптер үшін ұшу ұзақтығының рекордын орнатып, квадрокоптермен Ла-Манштан сәтті асқандардың алғашқысы болды.