Құжат ағымдағы жылдың 2 маусым айына дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше түзетулер жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз бір ұйымда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылуы мүмкін шетелдік азаматтардың санын нақтылау үшін әзірленді.
— Енгізілетін өзгерістерге сәйкес жүз пайыздық шетелдік қатысу үлесі бар қазақстандық заңды тұлғалар өздерінің жарғылық капиталына квотадан тыс жұмысқа тек бірінші басшыны және оның бір орынбасарын ғана қабылдай алады, — делінген хабарламада.
Айта кектелік елімізге келген шетелдіктер көбіне қай салада жұмыс істейтіні туралы жазған едік.