«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 17 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қылмыстық топтың «М» деген кәсіпкерден 27 миллион теңге, Ақмола облысының Бурабай кентіндегі 10 соттық жер телімін және «Mercedes Gelandewagen» маркалы автомашинасын қорқытып алмақ болған заңға қайшы әрекетінің жолын кесті» делінген хабарламада.
Оқиға кезінде қылмыстық топ мүшелері суық қаруды және сырт кескіні жауынгерлік қаруға ұқсас муляжды қолданып, кәсіпкердің отбасына қауіп төндірді.