«Биылғы 20 желтоқсандағы деректерге сәйкес, 2 қазаннан бері 2 мың 409 қымбат мемлекеттік нөмір 821 миллион 43 мың 456 теңгеге сатылды», - деді Б.Наханов ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге салай кетейік, биыл сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін берудің мемлекеттік салығы көтерілген болатын. Мәселен, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 деген үш орынды сандармен бірілген мемлекеттік нөмірлік белгілер 253 мың 724 теңгеге; 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлері - 422 мың 256 теңгеге бағаланған болатын.