Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжал: қосымша 351 адам эвакуацияланды

Фото: None
БІШКЕК.Кабар- ҚазАқпарат – Қырғыз-тәжік шекарасындағы Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары арасындағы жағдай Ақсай ауылының 600-дан астам тұрғынын (халқының жалпы саны – 2 мыңға жуық) эвакуациялауға мәжбүр етті, деп хабарлайды Кабар агенттігі Қырғызстанның Қызыл Жарты Ай ұйымының баспасөз хатшысы Бегімай Асановаға сілтеме жасап.

«2019 жылғы24 шілдеде Ақсай ауылынан Баткен қаласына қосымша 351 адам көшірілді. Үкімет2019 жылғы 23 шілде күні кешке Баткен облысында төтенше жағдай жариялады», -деді Б. Асанова.

Оныңайтуынша, 23 шілдеде Қырғыз Республикасының Қызыл Жарты Ай Ұлттық Қоғамы 1,5мың литр бөтелкедегі су, 274 адамға арналған таңғы ас пен түскі тамақ бөлді;сондай-ақ, қосымша 300 адамға түскі ас берілді. Эвакуацияланғандар үшін екіжерде (№57 лицей мен медресе) балалар мен әйелдерге арналған психоәлеуметтікқолдау бойынша шаралар ұйымдастырылды.

Асановаайтқандай, бүгін, 2019 жылғы 24 шілдеде, Қызыл Жарты Ай Қоғамы тағы да бөтелкедегі су таратып, отбасылармен эвакуацияланған тұрғындарға 5 жерде психоәлеуметтік қолдау көрсетіп жатыр.Бұдан бөлек Ленин атындағы мектепте 50 адамға арналған таңғы ас таратылды.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын қырғыз-тәжік мемлекеттікшекара учаскесінде қарулы қақтығыс туындап, жанжалға Ворух (ТәжікстанРеспубликасы) ауылындағы тұрғындардың елді мекеннің кіре берісіне флагштокорнатуы себеп болғандығы хабарланған болатын.

Ал, кеше таңертең қырғыз-тәжік шекарасындағы атыс тоқтап,жағдай тұрақтала бастағандығы мәлімделді.

Атыс болған учаскедегі шекаралық бөлімшелер күшейтілгенқызмет режиміне көшірілген.

Сондай-ақ, кеше шекара маңында тұратын халықпен түсіндіружұмыстарын өткізу кезінде Тәжікстан тарапынан Қырғызстан азаматына екі рет оқатылған. Соның салдарынан ҚР Шекара қызметінің әскери қызметкері жараланды.Кездесуге Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің төрағасы УларбекШаршеев, Қырғызстан билігінің Баткен облысындағы өкілетті өкілі АкрамМадуамаров қатысқан.











Соңғы жаңалықтар