Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 682 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сейсмикалық стансалар желісінің сайтына сілтеме жасап.

Фото: aa.com.tr

Жер сілкінісі бүгін Алматы уақытымен 11 сағат 22 минут кезінде тіркелді.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 682 шақырым жерде, Қырғызстан мен Тәжікстан аумағында болған.

«Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 5 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген кезекші оператордың хабарламасында.