Сонымен қатар, Қырғызстан Сейсмология институты сейсмологиялық станциясы бүгін жергілікті уақыт бойынша күндізгі 15 сағат 54 минутта 6 балдық жер сілкінісін тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 515 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.3, магнитудасы – 5.1.
Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.