Бұл туралы бүгін ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Мәліметтер бойынша, жедел қызметкерлер Шу облысындағы «Ақ тілек» кедендік бекетіндегі салмақты өлшеу орнында Қазақстан азаматының жүк көлігін тоқтатты. Көліктің ішінде Қазақстанда шығарылған ұн қаптары жатты. Жүктің жалпы салмағын анықтау үшін тіркемесі бар көлік таразыға жіберілді. Ұнның салмағы шамамен 41 мың 800 келіні құрады, ал ілеспе құжатқа сәйкес ол 18 тоннадан аспауы тиіс болған.
Жүк иесінің айтуынша, ол ұнды Қазақстан аумағындағы Қордай ауылынан алып, Қырғызстанда сатпаққа ниеттенген.
Жүк тиелген көлік Кант қаласының айыппұл тұрағына қойлды. Тексеру жүргізіліп жатыр.