Қырғызстан Республикасының ҰҒА институтының хабарлауынша, 2,5 балдық жерасты дүмпулері Алай ауданының Қара-Кіндік, Сары-Таш ауылдарында сезілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетсек, ҚазАқпарат бұған дейін Қырғызстанда 9 қыркүйек және 10 қыркүйекте жер сілкінгені туралы хабарлаған болатын.