«Жалпы екі елден әкелінетін (Қырғызстан мен Армения) көліктер екі түрлі санатқа жатады. Үкіметтің қаулысында тіркеуге жататын көлік құралдарының санаты нақты көрсетілген. Ал Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер заңдастыруға жатпайды. Себебі шетелдік азаматтардың атына тіркелген көліктер халықаралық қозғалыс режиміне жатады», - деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін Серік Түсіпов Қазақстанда рулі оң жақта орналасқан көліктерге неліктен тыйым салынғанын түсіндіріп берген еді.