Облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтің мәліметінше, биылғы оқу жылының басынан бері мектеп жасындағы 33 бала коронавирус инфекциясымен ауырған.
«Бірақ, науқастардан тек 4 оқушы мектептердегі кезекші сыныпқа барған. Ал, 29 бала онлайн оқиды. Тексеру кезінде 33 оқушының барлығы өз отбасында ауырғаны анықталды. Қазір олар жазылып, медициналық есептен шығарылды», - деді Амантай Жұмағалиев.
Еске салайық, бұдан бұрын Теңіз кенішіндегі стационарда 321 адам ем қабылдап жатқанын хабарлаған едік.