Коронавирус: Теңіз кенішіндегі стационарда 321 адам ем қабылдауда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 112 науқас сауығып, 74 адам індет жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 112 науқас емделіп шыққан.

«Қазір 249 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда – 78, ал, аудандардағы стационарларда 13 пациент жатыр. Ал, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 321 адам ем қабылдауда» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Атырау облысында 74 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі анықталған. Науқастардың бесеуі Атырау қаласынан тіркелген. Теңіз кенішіндегі 65 жұмысшыдан, Индерде ауданында 1, Құрманғазы ауданында 3 адамнан Сovid-19 белгісі табылған. Сегіз науқаста қауіпті індет симптомды түрде өтіп жатыр.

Бүгін өңірдегі 1225 орындық инфекциялық стационардың 412 төсек-орнында науқас ем алып жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін «қызыл» аймақтағы Атырауда індет жұқтырғандар саны артқанын, о сыған орай карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтілгенін

хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар