Оқу-жаттығуды басқару штабы Павлодар қаласында орналасқан. Оқу-жаттығу басшысы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин.
Оқу-жаттығу барысында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайда ден қоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының әзірлігі, жұмыс үйлесімділігі, қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі және халықтың әзірлігі мен қабілет деңгейі тексерілетін болады.
«Қыс 2016» оқу-жаттығуы аясында республика бойынша қысқы кезең жағдайында ТЖ-ны жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау және нақты объектілерде зардап шеккен адамдарға көмек көрсету тактикалық-арнайы жаттықтырулар өткізілетін болады.