«2014-2015 жылдардағы қыс мезгілінде құтқарушылар 1780 адамды қар құрсауынан құтқарып, 479 автомобильді қауіпсіз жерге көшірді», - деді ол.
Р.Иманқұловтң айтуынша, Алматы облысында 37 оқиға кезінде 857 адам мен 377 көлік, Шығыс Қазақстанда 21 оқиға барысында 503 адам мен 184 көлік, ал Қарағанды облысында 16 оқиғада 174 адам мен 20 техника құтқарылған.
«Барлық құтқару қызметтерінің уақыты әрі шұғыл әрекет етуінің арқасында ауа райы күрт нашарлаған сәттерде автожолдарда қар құрсауында қалған адамдар арасында қаза тапқандар болған жоқ», - деді бөлім бастығы.