Оның сөзіне қарағанда, республикалық маңызы бар жолдар 356 рет жабылған екен. Аталған кезеңде 763 адам құтқарылды. Мұнымен қоса, қар құрсауында қалып қойған 5 028 адам мен 1 762 техника қауіпсіз жерге жеткізілді.
«Бұл бағыттағы жұмыстарға ІІМ жеке құрамынан 1359 адам, ал жергілікті атқарушы органдарынан 2112 адам жұмылдырылды», - дейді ресми өкіл.
Атап айтқанда, қыс кезінде темір жол мен автомобиль жолдарының аса көп қар басатын бөліктерінде 12 мыңнан астам қардан қорғайтын қалқан орнатылды. Көктайғаққа қарсы 80 мың текше метр жерге арнайы құм себілді. Сондай-ақ республикалық автожолдарда 949 жылыту пункттері іске қосылды.
«Апаттық-құтқару және іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша күштер мен құралдарды үйлестіру үшін ТЖ комитетінде тәулік бойы республикалық жедел штаб жұмыс істеді»,-деді Р. Иманқұлов.