АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Қысқы Универсиадада мәнерлеп сырғанаудың қысқа бағдарламасы бойынша ерлер арасында екі қазақстандық спортшы сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сайыс барысында ел құрамасынан Михаил Шайдоров қысқа бағдарлама бойынша 75,05 балл жинап, алтыншы орынға тұрақтады. Қазақстандық тағы бір спортшы Диас Жиренбаев 60.89 баллмен 16-орынға жайғасты.
Осылайша екеуі де еркін бағдарлама бойынша сайысқа қатысуға мүмкіндік алды.
Қысқа бағдарлама бойынша жапониялық үш спортшы Сота Ямамото (101,32), Тацуя Цубои (84,48) және Шун Сато (84,43) үздік үштікте тұр.
Еске салсақ, дүбірлі додада еліміздің атынан 78 спортшы бақ сынап жатыр.
Олардың 6-ы мәнерлеп сырғанаудан ел намысын қорғайды.
Сондай-ақ, шайбалы хоккейден Қазақстан студенттен құрамасы алғашқы екі кездесуінде жеңіске жетті.
Фото: instagram.com/qaz.iceteam
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.