Қысқы Универсиада: Қазақстандық хоккейшілері екінші мәрте жеңіске жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы екінші ойынын Венгрияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер сәтті ойын көрсетті. Бірінші кеезңде қарсылас қақпасына бес гол соғып үлгерді. Оны Артем Королёв 2, Абай Маңғысбаев 4, 16, Максим Мусоров 7, Всеволод Логвин 12-минуттарда өзінің еншісіне жазды.

Екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер қарсылас қақпасына тағы үш шайба соқты. Құрама сапынан Станислав Александров 25, Саян Данияр 29-минутта мергендік танытса, Максим Мусоров 34-минутта тағы бір мәрте көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал үшінші кезеңде Саян Данияр 49-минутта гол соғып, басымдықты арттыра түссе, 54-минутта венгриялық спортшылар кездесу барысындағы алғашқы голын соқты.

Осылайша Қазақстан студенттер құрамасы қарсыласынан 9:1 есебімен басым түсті.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түседі.

Бұған дейін қазақстандықтар 12 қаңтарда Оңтүстік Кореяны 5:1 есебімен жеңді.

Енді олар 6 қаңтарда Ұлыбританиямен кездессе, одан кейін 17 қаңтарда Словакия, 18 қаңтарда АҚШ құрамасымен ойнайды.


Соңғы жаңалықтар