Қытай аумағында тағы жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 шілде күні Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 07:44-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 645 шақырым қашықтықта, Қытай территориясында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,9, магнитудасы - 5,2. Тереңдігі - 10 шақырым. Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.