«Жерлестерімді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Туған еліміздің өркендей беруін тілеймін. Қазақстан, алға! Әр отбасына мықты денсаулық, бақыт тілеймін, әрқашан да мақсаттарына жете берсін», - деді ол.
ОҚО Сарыағаш қаласының тумасы Н. Қалқұлов «Мұнай саласында инновациялық технологиялар» мамандығы бойынша білім алуда. Ол Қытай мұнай-газ университетін үздік аяқтаған, ҚХР-дағы қазақстандық студентер ассоциациясының ЖОО бөлімшесінің төрағасы болған.
Айта кетейік, шетелде біліп алып жүрген 50 мыңнан астам қазақстандық студенттердің 11 мың 200 адамы ҚХР-да білім алып жатыр (Бейжің - 4 мыңға жуық, Үрімші - 1250, Шанхай - 800, Сиан - 700, Гуанчжоу - 500, Ухан - 400, Нанкин, Ланьчжоу, Харбин -150 адамнан, Циндао - 100-ге жуық, Құлжада - 150, Шихэцзы - 100-ге жуық, Сямэнде 25 адам). Соңғы 10 жыл ішінде қытайлық ЖОО-ларды 2 мыңға жуық қазақстандық студенттер тәмамадаған.