«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2371 қаулысына сәйкес, ҚХР 15 тамыздан бастап КХДР-дан көмір, темір және темір рудасы, қорғасын және қорғасын рудасы, су және теңіз өнімдерін импорттауды тоқтатады», - делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Корей Халықтық Демократиялық Республикасының жаңа зымыран ұшыруына байланысты санкцияларды кеңейткен болатын.