Қытайдың солтүстігінде орналасқан Хэбэй провинциясында зәулім ғимараттың көзді ашып-жұмғанша күл-талқан болған сәті видеоға түсірілген. CGTN телеарнасының хабарына қарағанда, провинция билігі ғимарат кезінде заңсыз салынғандықтан, оны құлату туралы шешім қабылдайды.
Ғимараттың құлауынан көрші үйлерге зақым тимеуі үшін жарылғыш зат қолданылған.