Қытайда 4.8 магнитудалы жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 9 сағат 14 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 905 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 11.9. MPV тербелісі - 4.8. Ошағының бағыттары 42.88° с.е. 87.96° ш.б. Тереңдігі - 10 км. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеген.