CCTV телекомпаниясының хабарлауынша, оқиға 17 сәуірде болған. Техникалар қақтығысынан екі техника аударылып қалып, бірнеше құрылысшы жарақат алған. Ең көп залал техникаға тиесілі.
Екі мекеменің жанжалына тапсырыс берушіге талас себепші болған. Қазір оқиғаны құқық қорғау органдары тергеп жатыр.
Ғаламторда жүктелген бейнені оқиғаны кездейсоқ көріп қалғандар түсіріп алған.