Қытайда маймыл оны түсіріп тұрған туристің телефонын қолынан жұлып алып кетті (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Сычуань провинциясында Эмэйшань тауында маймыл оны видеоға түсірейін деп тұрған туристің телефонын жұлып алып кетті.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша,   ол жануарды тамақтандырып тұрған, ал маймылдың телефонды қолынан қалай жұлып алғанын  байқамай да қалған. Маймыл телефонмен бірге белгісіз бағытта жоқ болып кетті.

- Сирек кездестін жағдай. Мұндай оқиға жылына бір-екі рет орын алуы мүмкін. Кейде телефонды тауып аламыз, көбінесе маймылдар оны тау етегіне лақтырып кетеді, - дейді мамандар.

Персонал ұялы телефонын іздеп жатыр, әзірге еш нәтиже жоқ.