Бүгін Қорғас шекаралық бақылау отрядының шекарашылары Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығынан контрабандалық жолмен дәрі әкеле жатқан қазақстандық азаматты ұстады. Ол Қытайда шығарылған жалпы салмағы 179 кг болатын дәрі-дәрмекті ел аумағына кіргізбек болған.
Тағы бір Қазақстан азаматы біздің елден көрші мемлекетке қарай 18 042 АҚШ доллар, 16 200 теңгені кеденде рәсімдемей алып өтпек болды.
Контрабандалық жүк пен заңсыз қаражат актіленіп, кеден қызметкерлеріне тапсырылды.