Қытайда салмағы 750 келі шошқа табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың  Хэнань  провинциясында салмағы 750 келі тартатын шошқа елдегі бұл жануарлардың ішіндегі ең ірісі титулын жеңіп алды.

Бұл туралы People's Daily Online жазды.

 Талпақ танаудың ұзындығы  2,1 метр, ал биіктігі -1,5 метр. Daily Mail басылымының жазуынша, бұл конкурсты жергілікті фермерлік қауымдастық ұйымдастырған.  Чжан (аты-жөні толық айтылмаған)  жеңімпаздың иесі, үш жылдан бері жануарды бағып келеді.  Оның айтуынша, шошқа тамақ талғамайды, қомағай және үлкендігі  сиырдай.

На YouTube желісін пайдаланушы  ерекше жануар түсірілген видеокөріністі  жариялады. Онда әйелдің шошқаға мініп алғаны көрсетілген.