АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 6 шілде күні Алматы уақытымен сағат 1:25-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 332 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы – 10.7.
MPV Магнитудасы – 4.6.
Эпиошақ координаттары - 40.22° с.е. 77.04° ш.б.
Тереңдігі – 15 км.
МSК-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат: жоқ.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 4 шілде күні Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 83 км қашықтықта Қазақстан аумағында
жер сілкінген еді.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.