Қазіргі кезде зілзала ошағы орналасқан Лудин уезінде (Сычуань провинциясы) 50 адам қаза тапты. Яань қаласында 36 адам құрбан болды. Сонымен қатар 270-тен астам тұрғын зардап шекті.
Құтқарушылар Сычуань провинциясының зардап шеккен аудандарынан 20 мыңға жуық адамды эвакуациялады.
Жер сілкінісі Ганцзы-Тибет автономиялық ауданының Лундин префектурасында дүйсенбі, 5 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 12:52-де болды. Зілзала ошағының тереңдігі – 16 шақырым. Жер сілкінісінің эпицентрі провинцияның әкімшілік орталығы – шашамен 21 млн тұрғыны бар Чэнду қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан.