Қытайдағы жер сілкінісі: 60 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Сычуань провинциясында болған қатты зілзаладан зардап шеккендерді іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Қытай билігі қауіпті аумақтан 60 мыңнан аса адамды көшірді, деп хабарлайды ТАСС.

Табиғат апаты болған аумақта тағы да жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екендігі ескертілді. Алайда бұған қарамастан құтқарушылар мен әскерилер жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олар жабылып қалған жолдарды ашып, жол қатынастарын реттеуде.

Еске сала кетейік, Сычуань провинциясында жергілікті уақыт бойынша 21.19-да 6,5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Табиғат апатынан шамамен 2 мың адам бар қонақ үй ішінара бұзылғандығын хабарлаған болатынбыз.