«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасының ақпаратынша, 19 қарашаға қараған түні, Астана уақытымен сағат үштер шамасында Шыңжан (Синьцзян) провинцияның оңтүстік бөлігінде 10 км тереңдікте қуаттылығы 4 балдық жер сілкінісі болды.
Үш сағаттан кейін аймақта 1 км тереңдікте 4,5 баллдық жер дүмпуі тіркелді. Оның ошағы Алматыға жүздеген шақырым жақындау, оңтүстік шығысқа қарай 264 шақырым жерге ығысты.
3 балдық жер сілкінісі Шымкент пен Таразда сезілді.
Еске сала кетейік, 17 қарашада ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 495 км жерде Қырғызстан аумағында орналасқан 6,3 магнитудалы жер сілкінісі Шымкент пен Таразда қуаттылығы 3 балл жерасты дүмпуін тудырды.
Жамбыл облыстық ТЖД ақпаратынша, Жамбыл аумағында ғимараттардың бұзылуы мен адамдардың жапа шегуі тіркелмеді.