Синьхуа агенттігі хабарлағандай, олардың сегізінің жағдайы нашар.
Осыған дейін табиғат апатынан 20 адам жапа шеккені хабарланған.
Жексенбі болған жер сілкінісінің ошағы Мьянмамен шакарадағы Линьцан қалалық округінің Цанъюань-Васком автономды уезінде орналасқан. Апат салдарынан 15 мыңнан астам үй бұзылды.
Қазір бұл жерде су мен электр энергиясын тарту жүйесі жарым-жартылай қалпына келтірілді. Жер сілкінісі салдарын жою үшін 4 млн. юань (650,4 мың доллар) бөлінді.
Юньнань провинциясы Қытайдың сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақтарының бірі. Соңғы ірі жер сілкінісі мұнда 2014 жылдың тамыз айында болған. Ол кезде 600-ден астам адам қаза тапты.