ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, наурыз-сәуір айларында «Бақты» кеден бекетінде Қытайдан әкелінген тауарларды бақылау барысында контрафактілік өнімдер табылды.
«Зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген тауар белгілері бар контрафактілік өнімді кіргізудің 5 фактісінің жолы кесілді. Атап айтқанда, бұл «Hyundai», «Toyota», «Nissan» маркалы көліктердің ауа фильтрлары және ноутбуктерге арналған қуаттағыштар», - делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, осының салдарынан тауарлардың авторлық құқық иелеріне келтірілген жалпы шығын мөлшері 11,5 миллион теңгеден асып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да контрабандалық қарудың 65 дана оптикалық көздеуіші тәркіленгенін хабарлаған едік.