ШҚО-да контрабандалық қарудың 65 дана оптикалық көздеуіші тәркіленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы «Майқапшағай» кеден бекетінде контрабандалық қарудың 65 оптикалық көздеуішін алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Майқапшағай» кеден бекеті мен ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері контрабандалық әрекеттің жолын кесті.

Кеден қызметкерлерінің назарын мобильді инспекциялық-тексеру кешенін қолдана отырып бақылау нәтижелері бойынша анықталған автокөліктің суреттері аударды. Тереңдетілген кедендік тексеру барысында қару-жараққа арналған оптикалық көздеуіштің 65 данасы анықталған. Олар кедендік ресімдеуге мәлімделмеген.

«Бұл Еуропаға транзитпен бағытталған автокөлік. Егер еуропалық мемлекеттердің біріндегі кеденшілер осындай «тауарды» анықтаса қазақстандық кеденнің имиджіне айтарлықтай нұқсан келуі мүмкін еді. Қазіргі уақытта тәркіленген көздеуіштердің үлгілері кедендік сараптамаға жіберілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да пробация қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған ер адамның жазаланғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар