«Ағымдағы жылы 25 сәуірде Астана полициясына азаматша Шара Рысқұловадан 2015 жылы 20 шілдеде оның 1993 жылы туған қызы Гүлфайруз Рысқұлова ұрсысқаннан кейін киімдерін жинап, анасының пәтерінен жалға алған пәтерге көшкенін, осы уақытқа дейін оның қайда жүргені белгісіз екені туралы арыз түсті», - делінген қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестріне тіркелді, ағымдағы жылы 26 сәуірде із-түзсіз жоғалғанды іздеу бойынша іс қозғалды.
Ағымдағы жылдың сәуірінде және маусым айларында қаланың әр жерінде қызды көрген куәгерлер табылды. Қазір іздеу шаралары жалғасып жатыр.
Қыз туралы белгілі бір ақпарат анықталған жағдайда Бейбітшілік көшесі, 19 мекен жайында орналасқан ІІД, (8-7172) 71-60-22, 71-61-47, 71-66-28, сот. 8701-900-77-82, немесе 102 номерлеріне хабарласу керек.