Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42 іске жоғары болып отыр. Әлеуметтік желі арқылы жасалған алаяқтық бойынша 285 іс өндірістік іс қаралуда.
«Қазіргі уақытта ең көп тіркеліп жатқан алаяқтық қылмыстар әлеуметтік желі арқылы жасалуда. Атап айтқанда, ақшаны еселеп беру, азаматтардың деректерін пайдаланып онлайн несие алу, «Колеса», «Инстаграм», «ОЛХ» жарнама парақшаларындағы жалған хабарландыру арқылы сауда жасау болып отыр», - деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Айдарбек Құрбанов.
Сондай-ақ, «балаңызды полиция қызметкері ұстап тұр, оны шығарып алу үшін ақша аудару керек» деген қылмыстардың ізін суытпай ашу бағытында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде басқарма қызметкерлері тарапынан осындай қылмысты жасаған 17 дерекке қатысы бар деген күдікті адам ұсталып, қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада адам пышақтаған жігіт елордада ұсталды.