Осы мақсатта қала әкімдігі тарапынан тиісті іс-шаралар атқарылуда.
«Көктайғақты болдырмау үшін көшелерге құм араласқан қоспа себілуде. Бұл бағытта «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-нің 32 бірлік арнайы техникасы мен 120 қызметкері жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы әкімдігінен.
Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті тұрғындардан сақтық шараларына назар аударуын сұрайды.
«Ауа райы температурасының төмендеуіне және толассыз жауған жауын-шашынға (жаңбыр, қар) байланысты автокөлік тас жолдарында көктайғақ болуы ықтимал. Сондықтан автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге сақ болып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.
Сондай-ақ, мұндай жағдай облыстың бірқатар аймағында байқалуда. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан көктайғақ салдарынан «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген», «Самара-Шымкент-Тереңөзек» бағыттарында жол жабық екені хабарланды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында көктайғақ салдарынан жол жабылды.