Қызылорда облысында көктайғақ салдарынан жол жабылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан «Шымкент-Самара» тасжолының бірқатар бөлігінде жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.
Онда «Шымкент-Самара» тасжолының 1240-1646 шақырым аралығы көктайғақ салдарынан жабық екені айтылған. Ол Қармақшы ауданы мен Ақтөбе облысының аралығын қамтиды.
Еске салсақ, бұдан бұрын 29 қаңтарда Қызылорда облысында көктайғақ салдарынан «Шымкент-Самара» тасжолының 1473-1939 шақырым аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына жол жабылды. Аталған аумақ Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би және Шиелі кентінің аралығын қамтиды.
https://kaz.inform.kz/news/kyzylorda-oblysynda-koktaygak-saldarynan-zhol-zhabyldy_a3892433